Ақтау қаласының 35 жастағы тұрғыны оныншы перзентіне аяғы ауыр. Балаларының үлкені қазір 19 жаста, кенжесі 9 айлық, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы inAktau-ға сілтеме жасап.
Сәкен мен Гаухар Ешмұхановтар 2001 жылы үйленген. Содан бері жас отбасы төрт ұл, бес қыздың ата-анасы болып отыр. Олардың ең үлкені 19 жаста, кішісі 9 айлық. Ерлі-зайыптылар егіз ұл мен қызды тәрбиелеп отыр. Қазір көпбалалы отбасы оныншы бөбегін күтуде.
Бос уақытында Гаухар Ешмұханова шығармашылықпен айналысады, мерекелік шараларда ән айтады.
«Маған қайын енем мен үлкен қыздарым балаларды тәрбиелеу мен оларға қамқорлық жасауда көмектеседі. Олардың қолдауының арқасында мен өзіме уақыт табамын. Үлкендері кішілеріне қарайды, үйдің жұмысына да көмектеседі» дейді Гаухар Ешмұханова.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Итоги археологических исследований в Акмолинской области за 2024 год «Центра по охране и использованию историко-культурного наследия» управления культуры Акмолинской области
В Акмолинской области после начала учебного года планируется начать вакцинацию против вируса папилломы человека
