Болашақта адамзат баласы роботтарға қарсы күресе алмай қалуы мүмкін

3211
Adyrna.kz Telegram

Әлемдегі жасанды интеллекет технологиясы қарыштап дамыған сайын адамдардың санасында да, рухында да әлсіздік пен тоқыраушылық артып бара жатыр деп алаңдап отыр ғалымдар. Бұл расында шындық.

Бәрімізді әлеуметтік желі мен технологияға байлап, табиғи арнадан жасанды арнаға тоғытып жатқаны ақиқат. Ал, әлемнің нобель сыйлығын алған ғалымдары да осыған алаңдап, болашақта роботтар әлемді басқарып кетуі мүмкін деп отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана ғалымдар Жапонияны 2050 жылы роботтар толық басқаруына алады деп мәлімдеген.

Түбі израильдік, америкалық психолог, нобель сыйлығының  лауреаты Даниел Канеман жасанды интеллект алдағы аз ғана мерзімде адам баласын жеңіп, өзіне бағындырады деп болжап отыр. Адамдардың робототехникалар мен автоматтандырылған әлемге қарсы күресі хаос тудырып, үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін деп отыр.

Даниел Канеман бұл үрдістердің алдағы уақытта көп ұзамай-ақ іске асатынына толық сенімді. Пандемияның өзі адамзат баласының қандай да бір ғаламдық тосқауылдарға қарсы тұруға қауқарсыз екенін көрсетті. Адамзаттың санасы вирустан соққан хаосқа жауап бере алмай қалды.

Ал, қарыштап дамып жатқан компьютерлендірілген әлемнің алдағы уақыттағы хаосы мен зардабы вирустан да жоғары болуы мүмкін деп отыр нобель сыйлығының иегері. 

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

 

 

Пікірлер