Өз біліміңмен бөліс!

5632
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары «Өз біліміңмен бөліс!» атты жаңа әлеуметтік жобасын бастады. Жоба Ескелді ауданы М.Маметова атындағы орта мектеп оқушыларына ағылшын тілі мен математиканы оқытуда көмек көрсетуге бағытталған.

 Қашықтықтан оқытуға көшу көптеген ауыл оқушылары мектеп материалын игеруде біраз қиындықтарға тап болды. Үйден үйрену қиын және әдеттен тыс болып көрінеді. Сондықтан, сыныптастармен бірігіп, біз 6-сынып оқушыларына қиындықты жеңуге көмектесуді шештік, - дейді жоба еріктілерінің бірі Алуа Коблан.

«Өз біліміңмен бөліс!» жобасының командасында жеті ерікті. Балалар әр апта сайын сенбіде ағылшын және математика сабақтарын өткізеді. Әр сабақ 40 минутты құрайды.

М.Маметова атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Наргиз Ертай үшінші сабағын өтуде. Оның айтуынша, Зияткерлік мектеп оқушылары сабақты өте қолжетімді және қызықты өткізеді. Олардың айтуынша жоғары сынып оқушыларынан үйрену өте ыңғайлы.

Қазіргі кезде Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері ауыл мектебінің 47 оқушысына сабақ беруде.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер