Елімізде чек берілмегені туралы ақпарат үшін сыйақы төленбек

999

Қазақстан үкіметінің мақұлдауымен бақылау-кассалық машинасын және төлем карталарын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану туралы заң бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу ережесі бекітілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Заң бұзушылық туралы хабарлаған тұлғаға 1000 теңге көлемінде сыйақы төленеді.

Сыйақы алу үшін не істеу керек:

- бұзушылық фактілері туралы аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына мобильді қосымша арқылы хабарлауыңыз қажет;

- бұзушылық фактілері туралы (чек бермеу, банктік карточканы қабылдаудан бас тарту) бұзушылық туралы бейне жазба болуы шарт;

- ақпараттың ішінде жұмыс істейтін жердің мекен-жайы, салық салуға байланысты объектінің атауы (бар болса), бутиктің нөмірі және сауда үйіндегі орны(бар болса), базар орны (бар болса), кеңсе нөмірі (бар болса);

- өтініш берушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тегі, аты және әкесінің аты және ЖСН-і болуы қажет;

- бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін сыйақы алуға келісім алу немесе алудан бас тарту туралы келісім.

Аталмыш сыйақы 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның балансына аударылатын болады.

Бұл заң осы жылдың 28 мамырында күшіне енбек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы