Ресей депутаты: Қазақстандағы АҚШ лабораториясы алаңдатады

3795
Adyrna.kz Telegram

Ресейде Пентагонның ТМД елдеріндегі, атап айтқанда Қазақстан мен Өзбекстандағы биологиялық зертханалары алаңдатты. Мәскеу осы орталықтардағы қауіпті инфекцияларды зерттеу атын жамылып, американдықтар биологиялық қару жасап жатыр деп қорқады. Бұл туралы Sputnik-ке берген сұхбатында Роспотребнадзордың бұрынғы басшысы, Мемлекеттік Думаның депутаты, эпидемиолог Геннадий Онищенко айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол АҚШ-тың қорғаныс министрлігі қаржыландыратын американдық биологиялық зертханалар қазір Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан және Украинада жұмыс істейтіндігін еске салды.

«Бұл зертханаларда жоғары кәсіби әскери микробиологтар жұмыс істейді. Әрине, олар грузин немесе әзербайжан балаларын қорғауға арналған дүниемен айналыспайды. Олар табиғи вирустық ошақтарды зерттеп, штаммдарды экспорттап жатыр. Олардың міндеті қарапайым - вирусты жасау», - деп сендірді Онищенко.

Дәрігердің пікірінше, Ресейдегі алаңдаушылық тудыратын мәселе - Алматыға жақын орналасқан Орталық анықтамалық зертхана. Бұл мекеме ең заманауи жабдықтармен жабдықталған және Пентагонның Орталық Азиядағы ғылыми желісінің бөлігі болып табылады.

«Зертхана өте қуатты, қорғаныс деңгейі жоғары. Онда әскери биологиялық құрамдар жасалуда. АҚШ-та іс жүзінде өздерінің не жүргізіп жатқанын жасырып жүрген жоқ» - деді Роспотребнадзордың бұрынғы басшысы.

Қазіргі өмірде биологиялық қару гибридті соғыстың негізгі құралдарының біріне айналуда, деді Онищенко.

Коронавирустық пандемия инфекцияның зиянын анық көрсетті.

«Біз вирустардың жаппай психоз құру, саяси жағдайды тұрақсыздандыру, экономиканың құлдырауы тұрғысынан тиімді екеніне көзіміз жетті. Коронавирус әлемдік экономикаға кез-келген соғыстан гөрі көп зиян келтірді», - деді депутат.

Сонымен қатар, қазіргі кезде биологиялық зертханалардың жұмысын толық бақылауға алмағандықтан вирустың жасанды шыққандығын дәлелдеу мүмкін емес. Тексеріс жүргізушілерге «көруге болатыны» ғана көрсетіледі », - деп түйіндеді ол.

«Кейде грузиндік мамандар арнайы костюмдермен киініп, осы зертханаларға барады. Бірақ оларды нағыз ошағына ең жасырын жерлеріне жібермейді. Мұнда қандай зерттеулер жүргізіліп жатқанын ешкім білмейді, өйткені бұл әскери зерттеу », - деп түйіндеді Геннадий Онищенко.

Алайда, бұған дейін Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығында олар АҚШ Алматыдағы Орталық референттік зертханасында "биологиялық қару жасау бойынша жұмыс істеуге қауқары жоқ, істемейді" деп сендірген еді.

ЦРЛ-дің негізгі міндеті - аса қауіпті инфекцияларға эпидемиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру, мамандарды даярлау, биоқауіпсіздік стандартын енгізу.

Ғылыми орталықтың директоры Бақыт Атшабар зертхана әскери нысан ретінде пайдаланылмайтынын атап өтті. Биологиялық қару жасау жұмыстары, ғалымның пікірінше, қала орталығында жүргізілуі мүмкін емес.

"Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың мүшесі, Қазақстан ядролық, биологиялық, химиялық қауіпсіздікке қатысты көптеген халықаралық құжаттарға қол қойды. Қазақстан бұл құжаттарға берік мемлекет", - деп атап өтті Атшабар.

Ол АҚШ-тың жобаға қатысуы мен қаржыландыруы осындай объектілерді құру тәжірибесі тұрғысынан қажет екенін алға тартты. Бұл орталықтың құрылысы, ғалымның пікірінше, АҚШ-тың қауіпті азайту бағдарламасы аясында қаржыландырылады екен.

Атшабар құрылыс аяқталғаннан кейін АҚШ оны Қазақстанның меншігіне өткізеді деп нақты айтты. Ғалым АҚШ өзі қауіпті аурулардан алшақ болуы үшін, әлем елдерінде арнайы зертханалар салып жатқанын да жасырмады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұған дейін де кейбір шетелдік және отандық БАҚ-тардың елде биологиялық қару жасалып жатқандығы туралы таратқан ақпаратын жоққа шығарған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер