Қызыл планетадан өте тың қызық ақпараттар жетті

1626
Perseverance Mars Rovеr аппараты Қызыл планетаның топырағында 270 метр қашықтықты жүріп өтті. АҚШ-тың Қызыл планетаға жіберген Perseverance Mars Rovеr аппаратынан хабар келді. Марстағы температура +12 градусты көрестіп тұр. Кейде планетадағы ауа райы қатты суып кетеді, сол кезде -101 градусқа дейін жетеді екен.
Ал, оттегінің мөлшері Жердегімен салыстырғанда 100 ден бір бөлігін құрапты. Оны аппараттың (Mars Oxygen In-Situ Resource Utilization Experiment) MOXIE құрылғысы анықтады. Құрылғының негізгі функциясы - оттегіден көмірқышқыл газдарды бөліп алу.
Perseverance Mars Rovеr аппараты бүгінге дейін Марста 270 метр қашықтықты жүріп, 40 см тереңдікке дейін топырақтарын қазып алып, ақтарып көрген. Ал аппараттың дроны 40 метрлік ара арашықтықта ұшып қонып жүр.
Perseverance Mars Rovеr аппаратының қазіргі әрбір қадамы ғылымды өзгертетін уақытта тұр. АҚШ-тың инженер-конструкторлары аппараттың әрбір қадамын аңдып, не болар екен деп күтіп отыр. Байланыс кей кездері үзіліп кетіп жатыр екен. Аппараттың соңғы кадрларында кемпірқосақ түсіп қалған деген деректер де тіркелді. Марста су бар деген сөз. Мамандар қазір тағат таппай күндіз түні аппараттың әрбір қадамын қадағалап отыр.
Ғалымдардың Қызыл планетаны зерттеудегі ең қиын әрі ең қызықты сәті енді басталған сияқты. Көп ұзамай аппараттан жақсы сигналдар мен хабарлар келеді деп күтілуде. Өз басым қатты қызығып отырмын. Жақсы ақпараттар келсе екен. Сондай бір тылсым әлемнің сырлары ашылып жатқан сияқты. 
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар