БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Тоқаев 2 жылда не істеді?

4638
Adyrna.kz Telegram

Бүгін – Президенттің туған күні. 2 жылда атқарылған істеріне шолу жасайық.

1. Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді деген заңды тікелей өз бастамасымен қабылдады.

2. 300 мың теңгеге дейінгі тұрмысы төмен отбасылардың несиесін кешірді.

3. Шетел инвесторларына Қазақстанда бар кадрларды өзіміздің азаматтардан алыңдар деген талап қойды.

4. Байлар көп, табысы төмендер аз төлейтін салық жүйесін реформалады.

5. 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін, 2024 жылдан аудан әкімдерін, бәрі сәтті шықса сатылап қала мен облыс әкімдерін сайлайтын боламыз деген саяси реформаның эволюциялық бағытына жол салды.

6. Пандемия кезінде вакцина мәселесін тиісті деңгейде шешті. Әлемде өндірілген вакцинаның 90% дамыған 10 елдің халқына кетіп жатыр. Бізде вакцина жетпейді деген мәселе жоқ. Вакцина салдырғысы келмейтін мәселе бар.

7. Сыртқы саясатта прагматикалық бағытты ұстанып келеді. Соңғы 2 аптада Жапония премьер-министрімен келіссөз өтті. Ауғанстанмен келіссөз. 19-20 мамыр Тәжікстанға сапары жоспарланған. Қырғызстанға 10 мың тонна ұн гуманитарлық көмек, Индияға көмек іске асты. Әлемнің барлық елімен тату әрі стратегиялық әріптестік жүйелі жүргізілуде.

8. Саяси партиялар Парламентке өтуі үшін 5% меже жеткілікті болатын, партия құру үшін 40 мыңнан 20 мың қолдаушы саны талап етілетін өзгеріс енді.

9. Қазақстандағы ең үлкен проблема кедейшілік деген сөзді ең жоғары деңгейде президент айтты. Әлеуметтік желі, қоғамда айтылып жатқан сын-пікірлерді ескеру, халық үнімен санасу, мемлекеттік органдардың ашықтығы принципін табанды түрде іске асыруға бағытталған саясатқа көшті.

Сатылап, прагматикалық жолмен елді алып келеді. Осының бәрі соңғы 2 жылдағы өзгерістер. Әлі де оң бастамалар жалғаса бермек. Құтты болсын!

 

Пікірлер