Қазақстанда, тіпті әлемде баламасы жоқ бірегей театр жайлы бірер сөз!

2123
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының ұлттық кодтарының бірі — ұлттық өнер. Сонау ықылым заманнан бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық өнеріміз – Ұлы дала елінің бренді. Әлемге мейманамыз тасып көрсете алатын символымыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
«Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», — деген болатын. Қазіргі таңда ұлттық рухқа рең беретін қазақы құндылықтарды дәріптеп, төл өнерді төрге шығаруды негізге алған «Алатау» дәстүрлі өнер театры дәстүрлі ән-жыр, терме, күй, айтыс, ұлттық кино сияқты бағыттарда қызмет көрсетеді. Өзінің бағыты бойынша Қазақстанда, тіпті Әлемде баламасы жоқ бірегей театр деуге болады.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының миссиясы:

Ұлттық мәдени дәстүрімізді (дәстүрлі ән өнерімізді, фольклорымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық киімдерімізді) заман талабына сай жаңа формада көрермендерге ұсыну;
бүгінгі заман үрдісіне лайықты мәдени орта қалыптыстыру арқылы дәстүрлі өнер брендін дамыту, дәстүрлі өнерге қатысты озық технология үлгілерін енгізу;
дәстүрлі өнермен синтезделген театрлық қойылымдардың саны мен сапасын арттыру;
жас буынның дәстүрлі өнерге деген қызығушылығын дамыту;
көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін қолдауды ұйымдастыру және т.б.

Ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Жан – бір асыранды құс, дене – бір қапас. Ол құсқа от, су бермесе, қапаста тұрып аштан өліп қалады, оған қорек беру керек», –дейді.

Бізге керегі – жан қуатын барынша жұмсап, жан азығын дұрыс таңдау ғана.

Ұлттық бірегейлікті сақтап, өнерімізді өрге сүйрейтіндер көп болғай!

Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket