Ресей Палестиналық "Хамас" террорлық ұйымының әрекетін қолдап отыр

5476
Adyrna.kz Telegram

Міне, көп жайдың бетінің ашылғанын осындан біле беруге болады.

12 марым күні Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов "Хамас" исламдық террорлық ұйымының саяи бюросының төрағасы Мұса Әбу-Марзұқпен сөйлесті. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Ресейдің Палестиналық террорлық ұйымды қолдайтыны ресми айтылды.

"Хамас" исламдық террорлық ұйымының саяи бюросының төрағасы Мұса Әбу-Марзұқ Әл-Ақсадағы жағдайға байланысты "Егер де халықаралық қауымдастық Израильге қысым жасауды бастаса, біз де соғысты тоқтатамыз" деп мәлімдеді.
Бұның халықаралық қауымдастықтан Израильге қысым жасауын сұрап отырғаны түсініксіз.

Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин Израильдің қазіргі Иеруссалимге қатысты тарихи, демографиялық, географиялық статусын қайтарып, заңсыздыққа нүкте қойғаны дұрыс деді, РИА Новости порталында.

Ал, "Хезболла" террорлық ұйымы Иранның жағынан үн қатып, Палестинаны құтқарудың жаңа форматын жасағалы отыр.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстан 110-нан аса адам қайтыс болды. 621 адам ауыр жарақат алған. Келтірілген мәліметтер бойынша Израильдің 7 азаматы қаза тапқан. Қалған қаза тапқандардың барлығы Палестиналықтар. Израиль тарапы Газа секторын басып аламыз деп бекінген сияқты. Ал, Палестинаға 300 миллион халықты құрайтын 21 араб мемлекетінің бір де біреуі тым болмаса сөзбен қолдау жасауға жарамай тұр.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер