Хабарлама жіберу мүмкін болмайды: WhatsApр жаңа ереже ұсынды

2235

Жаңа құпиялылық саясатын қабылдауға келіспеген WhatsApp қолданушыларына қатысты шаралар күшіне енді. 15 мамырдан бастап мессенджер талаптарына келіспейтін қолданушылардан келетін қоңыраулар мен хабарламаларға тыйым салуға уәде берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Мессенджер компаниясы мұндай шектеу шараларын 12 мамырда бастайтынын хабарлаған болатын. Бірінші кезеңде құпиялылық саясатымен келіспейтін пайдаланушылар чаттар мен қоңыраулардан шектелуі мүмкін. Олар қызмет функцияларын тек кіріс қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беру арқылы қолдана алады.

Екінші кезеңде пайдаланушылардың қоңырау шалу және хабарлама жіберу, сондай-ақ хабарламалар алу мүмкіндігі толығымен жабылады.

Компания шектеулер бірнеше аптаның ішінде біртіндеп енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, әр қолданушы үшін әр кезеңнің уақыты жеке болады.

Қаңтарда WhatsApp жаңа құпиялылық саясатына сәйкес мессенджер қолданушыларының жеке деректері Facebook қосымшаларының барлығына қол жетімді болатынын мәлімдеді. Қызмет басшылығы жаңа құпиялылық саясатының күшіне енетін күнін 15 мамырда жариялады.

Ал наурызда қолданушыларға жаңа ережелермен келіспейтіндер қызметтің функционалдығын шектейтіні туралы ескертілді.

Қазірдің өзінде қаңтардан бастап WhatsApp қолданушылары мессенджерден жаппай шыға бастады, олар Signal мен Telegram қосымшаларын қолдана бастады. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket