Зорлаған: Әсел Айтпаеваның өліміне туысының қатысы не?

5643
Adyrna.kz Telegram

Грузияның Бас прокуратурасы қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне оның жерлесі және алыс туысы Мұрат Мейірбековті кінәлі деп тануда,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sputnik-Georgia мен КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша, қайтыс болардан бірнеше күн бұрын Әсел Айтпаеваны Мейірбеков зорлаған. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам қызды ұрып-соғып, екі рет зорлау әрекеттерін жасаған. Енді Қазақстан азаматы алты жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әселді Грузияға жұмысқа шақырған Мейірбеков еді, ал қайтыс болардан бір күн бұрын ол кенеттен Қазақстанға оралды. Қазір Айтпаевалар отбасы Тбилисиде экстрадициялауға ұмтылуда.

Күдікті журналистерге жауап беруден бас тартты. Тілшілер оның мекен-жайын Нұр-Сұлтаннан тапты, алайда күдікті үйінде болмады.

37 жастағы Мейірбековтің екі рет үйленгені, екі баласы бар екені және енді үшінші баласын күтіп жүргені белгілі болды.

Мұраттың туыстары оның кінәлі емес екеніне сенімді.

«Ол полиция бөліміне өзі барды. Полицияның көмегіне өзі жүгінді. Аталған жағдай орын алған кезде ол жолда болған. Астанаға келе салысымен бірден полиция бөліміне жүгініп, дәлелдер келтірді. Ол кәдімгі адам отбасылы адам.  Енді келіп одан, кешіріңіз әрине, "сериялық сутенер" кейпін шығарып отыр», деді айыпталушының қайын енесі телефон арқылы.

Естеріңізге сала кетейік, Асель Айтпаева 5 мамырда Тбилисидегі үйінің жанынан өлі күйінде табылды. Қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен және оның үстінде бір футболка ғана болған.

Тергеушілер анықтағандай, қазақстандық ару өлім алдында зорланған. Жергілікті полиция Зугдидиің тумасы 57 жастағы күдікті Бесик Тордуаны тұтқындаған болатын.  Оның бұрын зорлау фактісіне қатысты сотталғаны да анықталды.

Өлімінің алдында Асель құрбысына Тордуамен сөйлескен бір сағаттық аудиожазбасын жіберіп үлгерген.

Іс бойынша алғашқы сот отырысы 23 маусымда өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото: ktk.kz)

Пікірлер