«Ақтөбе» футбол клубының экс-ойыншысы екпе салдырғаннан кейін қайтыс болды

3438
Adyrna.kz Telegram

«Ақтөбе» футбол клубының экс-ойыншысы Александр Савченко 45 жасында қайтыс болды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі.

Індетке қарсы екпе салдырған А.Савченко бірнеше күннен кейін инсульт алған, содан соң жан сақтау бөліміне жатқызылған. Алдын ала болжам бойынша инсульттің басты себебі коронавирус болуы мүмкін.

Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев спортшының қайтыс болуының басты себебі мидағы ісік екенін айтады.

— Мидағы ісік кардиоэмболикалық инсульт шақыруы мүмкін. Бұл — жүрек фибрилляциясы. Вакцинаның бұған қатысы жоқ, — дейді ол.

Спортшының неден көз жұмғандығы алдағы уақытта гистологиялық зерттеу нәтижесінен соң белгілі болады.

Айта кету керек, Александр Савченко «Ақтөбе» футбол командасында 1993-2002 жылдар аралығында ойнады. Ол Премьер-лигада барлығы 164 матчқа қатысқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер