Моңғолияның Білім және ғылым министрлігі Pfizer және Moderna сияқты компаниялар жасаған вакцина сынақтары тиімділігін көрсеткенін хабарлады. Бұған дейін министрлік балалардағы коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу басталғанын айтқан болатын.
Министр Л.Энх-Амгалан мектеп оқушыларына вакцина егу туралы сұраққа жауап бере отырып, жауапты адамдардың балаларға қолдануға болатын ДДҰ мақұлдаған вакциналарды зерттеп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі және Денсаулық сақтау министрінен құралған топ жаңа оқу жылы қарсаңында 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды иммундау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
2020-2021 оқу жылының құрылымына өзгерістер енгізіліп, Моңғолияның Білім және ғылым министрлігі жақында жазғы демалысты мектептер мен балабақшаларда бастау туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, 1-3 сыныптар үшін жазғы демалыс 8 мамырда, ал 4-12 сыныптар үшін 15 мамырдан басталды. Жазғы демалыс ерте аяқталатындықтан, министрлік 2021-2022 оқу жылын 15 тамызда бастауды жоспарлап отыр.
"Адырна" ұлттық порталы