Қазақстан мұсылмандары Ораза айт - қасиетті Рамазан айының аяқталуына арналған мейрамды атап өтуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Айт - мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз. Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы да осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген. Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.
Биыл Ораза айт мейрамы 13 мамырға сәйкес келіп отыр.
Сізге және сіздің жақындарыңызға бақыт пен береке, зор денсаулық және жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Ораза айт - адамзатты жақсылыққа, достық пен бауырмалдыққа, бақыт пен мейірімділікке баули отырып, қуаныш пен жақсылық сыйлайтын мереке. Мейрам күні бүкіл әлем мұсылмандары құттықтауларын таратуда, туыстарымен бірге мейрамды атап өтуде. Олар сондай-ақ көмекке мұқтаждарға жәрдемдесіп бақытқа бөленуде. Айт - бұл отбасылық мейрам. Бұл күні біз ата-анамызға, балаларымызға, бауырларымызға қуаныш сыйлаймыз, қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге көмектесеміз, деп ҚМДБ-ның бастығы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқына өз сөзін жолдады.
Пітір-садақа биыл 420 теңге мөлшерін құрады.
ҚМДБ Ораза айт намазы елде мешіттердің ауласында (жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің рұқсатымен) оқылатынын айтты.
Ең бастысы, келесі сақтық шараларына баса назар аударылуы тиіс: бетперде кию немесе намаздан кейін қол алысудан аулақ болу, мешіт аумағынан намаз аяқталғаннан кейін бірден шығу немесе өзге құлшылықтарды жасауда шектен тыс адамдардың шоғырланбауын қадағалануы керек, делінген хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы