Түрікменстанда құрғақшылық: халық соңғы малын сойып жатыр

3853
Adyrna.kz Telegram

Түрікменстанның Серхетабад (бұрынғы Кушка) қаласында құрғақшылықтың салдарынан мал басы азайып келеді. Ауыл тұрғындары соңғы түлігін союға мәжбүр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі turkmen.news-ке сілтеме жасап.

«Шөп жоқ. Жем сатып алуға ақшамыз жетпейді. Фермада бірнеше сиыр мен отар қой болса, тіпті қиын. Барлығын бірдей азықтандыра алмайсың. Сол себепті де төрт түлікті союға тура келеді. Алайда елде ет бағасы төмендемейді»,– дейді жергілікті тұрғындар.

Қала тұрғындары жаңбыр жаууын тілеп, ниет қылып отыр. Алайда, жергілікті «Метеожурнал» басылымының мәліметінше, мамыр айының басында болған қысқа мерзімді жаңбырдан кейін Түркіменстанда қайтадан құрғақ ауа райы жалғасады.

Халық климаттың өзгеруіне билікті кінәлайды.

«Бұрынғы кезде Түрікменстанда дамыған арық жүйесі тектен-тек құрылмады ғой. Аумақта ағаштардың белгілі бір түрлері отырғызылды. Сондықтан, жаз қаншалықты ыстық және құрғақ болса да, су жеткілікті еді. Арықтарды күзетіп, бақылап, үнемі тазалап отыратын. Ал қазір ше? Ағаштар кесілді, арықтар құрғақ тұр»,— деді жергілікті тұрғын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер