"Хаббл" телескопы жаңа планетаның түзіліп жатқанын таспаға түсіріп алды

4422
Adyrna.kz Telegram

NASA ғарыш орталығының "Хаббл" телескопы жаңадан түзіліп жатқан экзопланетаның қалыптасу процесін фиксациялап түсіріп алып, астрономдарға көруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі profile.ru-ға сілтеме жасап.

Телескоптың бақылауына ғарышта ұшып жүрген газ бен ғарыштық шаң бұлтынан  түзіліп жатқан PDS 70B нысаны түсіп қалған. Шар пішінді бұл ғарыш нысанының түзіліп жатқанына 5 миллиондай жыл өтіпті.

Ғалымдардың пікірінше, PDS 70B планетасының өлшемін Юпитер планетасының өлшемімен салыстыруға болады. Астрономдар алыс қашықтықта орналасқан планета ультра сәулелер мен ғарыштық шаң тозаңдардан қалыптасып жатқанын анықтады. Планета қазір өте жоғары температурада қалыптасып жатыр.

"Алып планеталардың қалай түзілетініні жайында нақты айта алмаймыз. Сондықтан PDS 70B  нысаны планеталардың түзілу процесін зерттеудің жақсы мүмкіндігі болып отыр",— деді Остиндегі Техас университетінің қызметкері Брендан Боулер.

PDS 70 ғарыш нысаны жерден 370 жарық жылы қашықтықтағы Центавр шоқжұлдыздары тобында орналасқан. Бұл жайында  The Astronomical Journal журналы хабарлады. 

 

 

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер