Мәскеуде Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

4506
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу қаласындағы үйлердің біріне Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы «Хабар» арнасының тілшілері баяндады.

Үй Вешняки ауданындағы ең үлкен көшеде (Мәскеу қаласы Шығыс әкімшілік округіндегі аудан) орналасқан.

1943 жылы бұл ауданда әлемдегі алғашқы мергендер мектебі ашылған еді. Мектептің алғашқы оқушыларының бірі Әлия Молдағұлова болатын. Біраз уақыттан кейін ол майданда ерлікпен қаза табады. Қазіргі таңда Вешняки ауданында батыр қыздың құрметіне қойылған Молдағұлова және Снайперская көшелері бар.

Ең бірінші болып ескерткіш тақтайшаны орнату бастамасын жергілікті тұрғындар көтерген.

«Бұл үйдегі тақтайшаны қалпына келтіру туралы мәселе туындаған кезде бірнеше күннің ішінде көршілердің 400-ден астам қолы жиналды, яғни барлығы бірауыздан келісті. Әлия Молдағұлова – қазақ халқының қызы. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады.
Көптеген жергілікті тұрғындар – Әлия Молдағұлова атындағы мектептің түлектері. Мергенге арналған музей де бар. Оны мұғалім Наталья Зайцева құрды. Өмірінің көп бөлігін қазақ қызының ерлігін еске алуға арнады. Мерген мектебі туралы кітап шығарды, Әлияны еске алуға өлең арнады»,—дейді муниципалдық депутат Елена Катц.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер