Арман Шораев: Билікте, Үкіметте ЛГБТ өкілдері бар (видео)

3226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/078cf7d5-41d0-4c7a-a5b4-6ac1fd706f97.jpeg
Белгілі журналист, қоғам қайраткері Арман Шораев Ақорда мен Үкіметте ЛГБТ өкілдерінің бар екенін жеткізді. Бұл туралы ол «Қасқа жол» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Біздің билікте де ЛГБТ-ның өкілдері бар, өкінішке қарай. Үкіметте де, Ақордада да. Парламентте де бар шығар деп ойлаймын. Үкіметте бар екеніне сенімдімін. Мен тіпті аты-жөндерін де білемін. Ақордада да бар. Бұрын болған, қазір білмедім. Өйткені, менің ол жақпен қарым-қатынасым өте аз. Кезінде енді қызмет бабымен кемінде айына бір рет барып тұратынбыз. Өкінішке қарай, олар бір-бірін таниды, біледі, қолдайды.  Аз болса да, қолдарынан біраз нәрсе келетіні бар. Бұндай арсыздыққа жол бермеу қажет. Шеру өткізуге рұқсат етпеу керек»,—деді ол. https://youtu.be/6wk0VoCb8PQ

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии