Екпе әйелді бедеу, еркекті белсіз ететіні қаншалықты рас?

1098

Вакцина бедеулікке алып келеді. Әлеуметтік желілерде осындай мазмұндағы жазбалар тарап, жұртты шошытуда. Екпе адамның репродуктивті жүйесіне кері әсер етіп, арты қорқынышты аяқталып жататынын естігендерді екіойлы болып, препаратты салдырудан қашқақтайтын көрінеді. Біз бұл мәселе төңірегінде сала мамандарын сөзге тартып, ақ-қарасын анықтауға тырыстық. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Екпе еркекті белсіз, әйелді бедеулікке алып келеді! Одан бөлек, адамның генетикасын өзгертуі әбден мүмкін. Бүгінде әлеуметік желіде осындай сарын дағы қаңқу сөздер өріп жүр. Әуелі негізгілеріне тоқталсақ…

Жұқпалы індетті тежейтін екпе расында әйел денсаулығына зиян ба? Осы жайлы мамандардан сұрап білдік. Танымал репродуктолог Салтанат Байқошқарова «адамның ұрпақ өрбітуіне екпені ешқандай кері әсері жоқ» деп кесіп айтты.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, репродуктолог

Вакцинаның адамның ұрпақ өрбуітуіне ешқандай кері әсері жоқ! Сондықтан жатырға да әсері жоқ. Салып, одан кейін бедеу болып қаламыз дегеннің бәрі дұрыс емес, жалған ақпарат, сауатсыздық, ғылыми тұрғыдан миға қонымсыз!».

Тағы бір мәселе – екектердің белсіздігі!

Джевдет КАРАМАМУД-ОГЛЫ, уролог-андролог

Ковид-19 – ер азаматтарды эректильдің дизфункциясының дауына алып келетіні жайлы зерттеу бар. Жалпы екпе емес, коронавирустың өзі еркектерді қиын жағдайға алып келуі әбден мүмкін деген болжам бар. Ал мұның алдын алу үшін вакцина салдырған жөн».

Бала көтеруді жоспарлап жүргендердің де түрлі қауесеттер мен көзбен көріп, қолмен ұстағандай айтқан долбарлардан мазасы қашқаны белгілі. Осы ретте мамандар бұл мәселеге нүкте қойды.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, репродуктолог

Жүкті әйелге вирус ауыр өтетіндіктен, соның алдында вакцина салған дұрыс деп жатыр. Жүкті болған өзіңде қазірге соларға вакцина саламыз дегенді қарастырып жатырмыз. Ол жайдан жай мәселесі емес. Сәби өліміні азайту үшін келіп жатыр. Жүктілікті де шегеруге тура келеді. Қазір уақыт өте келе көзқарас өзгеруі мүмкін».

Бұған дейін де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бедеУлік пен ДНҚ өзгеруіне қатысты бірқатар қауесеттерді жоққа шығарған болатын.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар