Із-түзсіз жоғалған экс-депутаттың мәйіті табылды

4003
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында су тасқыны кезінде із-түзсіз жоғалған Нұрлан Сүлейменовтің денесі бір ай дегенде әрең табылды. Экс-депутаттың өлі денесі өзен түбіндегі шіліктерге шырмалып қалған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Шаруа қожалығының иесі жоғалғаннан екі күннен кейін оның көлігі Нұра өзенің Тассуат ауылы маңындағы өткел тұсынан табылды. Қызыл су жолдан асқанда Сүлейменов тізіндеген көлік көпірден тайып кетуі мүмкін деген болжам болған. Бірақ оның өзі табылмай, ел жұрт қастандық жасалуы мүмкін деп сан-саққа жүгіртті. Ал туыстары марқұм кепілде отыр деп соңына дейін үміт үзбеген. Дегенмен көліктің көпірден ауып кеткенін көргендер  табылыпты. Сондықтан іздеу жұмыстары тоқтатылмай, өзен арнасының 170 шақырым жері тексерілген. Алайда 62 жастағы кәсіпкердің денесі көлік құлаған жерден небәрі төрт шақырым жерден су деңгейі төмендегенде ғана көрініп отыр.

«Дене ағыстың қаттылығынан қарқынмен келіп, қалың шілікке  қыстырылып қалған.  Су деңгейі жоғары кезде шіліктің арасынан көрінбеген. Су түбінде осындай тал шіліктердің көптігі іздеуді қиындатты. Су шамамен 70 сантимерге дейін түскенде ғана көрінді. Шалқасынан жатыр, денесінде зақым белгісі жоқ», - дейді құтқарушы Александр Вицу КТК арнасының материалында.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер