Біртановтың соттағы сөзі: Мен жемқор емеспін, бір тиын да алмадым!

8054
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі. Ол тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Осы жобадан бір тиын болсын алғаным дәлелденді ме? Мұны ешкім ешқашан дәлелдей алмайды, өйткені бұндай жағдай болған жоқ. Менің қозғалып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға қатысым жоқ. Пандемия кезінде ешқандай сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасаған жоқпын. Әсіресе пандемияға қарсы күреске деп бөлінген қаражатқа тиіспедім», – деді Біртанов.

Сонымен қатар бұрынғы денсаулық сақтау министрі ешқандай заңсыз әрекет жасамағанын айтты.

«Бұрынғы денсаулық сақтау министрі ретінде пандемия әлемдік апат секілді көп адамның өмірін қиғанын және бұл вирустан қазір де адамдар көз жұмып жатқанын айтқым келеді. Өткен жылдың жазында медициналық көмек көрсетуде ауқымды проблемалар болды. Мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі ретінде салаға жетекшілік еткендіктен медициналық көмек көрсету сапасына жауапты екенімді толықтай түсінемін. Жауапкершіліктен жалтарып отырған жоқпын», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер