Өзбекстанда "Георгий лентасын" тарату акциясы басталды

843

Бүгін Өзбекстанда жыл сайынғы «Георгий лентасы» акциясы басталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ресейдің Ташкенттегі елшілігінің хабарлауынша, барлық адамдар «Георгий лентасын» елшіліктің қақпасынан тегін ала алады. Науқан үш күнге созылады.

«Георгий лентасы» акциясы жыл сайын, 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оған әлемнің 30-дан астам елдері белсенді қатысады. Акцияның басты мақсаты - Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткендердің естелігін сақтау.

2019 жылы Өзбекстанда 9 мамыр күні «даңқ ленталары» таратыла бастады. Сонымен бірге, кездесуде премьер-министр Абдулла Арипов Георгий ленталарын таратуды сынға алып, Өзбекстанның мемлекеттік туының түстерінде «даңқ ленталарын» кеңінен насихаттау үшін осындай акция өткізу қажеттігін атап өтті.

«Ресей үшін Георгий лентасы - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің символы. Өзбекстанда оны мұндай символ деп санайтындарға ешкім тыйым сала алмайды. Ал Өзбекстанның өз рәміздері болуы керек. Ең бастысы, біз Ұлы Отан соғысына қатысты шындықты қалпына келтіріп жатырмыз, біз бұл мерекені лайықты түрде атап өтеміз, соғысқа қатысушыларды лайықты түрде марапаттаймыз », - деді БАҚ үкімет басшысының кездесуде келтірген сөздеріне сілтеме жасап.

Жалпы осындай ленталардың 100 мыңнан астамы таратылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар