Шымкент әкімі №137 орта мектепке барды

3656
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Б. Нарымбетов бастаған қалалық мәслихат депутаттары 137 орта мектептің жай-күйімен танысты.

Самал-3 шағын ауданында орналасқан білім ордасы 1200 орынға лайықталған. Құрылысы 2018 жылдың соңында басталған болатын. Бас мердігер - «Атамекен корпарациясы» ЖШС-ы. Білім ошағы арнайы ұлдар және қыздарға арналған шеберханамен, STEM кабинеті, спортзал, асханамен қамтылған.

Қала әкімі сыныптарды аралап, «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен бірге, шахмат ойнаушыларды тамашалап, спорт секцияларына да ат басын бұрды.

- Балалардың денсаулығын нығайтуды, бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажет. Ол үшін оқушыларды спорт үйірмелеріне көптеп тарту маңызды. Заманауи мектептерде білім алған балалар біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын, -деген шаһар басшысы аралау соңында мектептегі естелік кітапқа жазба қалдырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер