Алексей Цой Біртановты қайтадан министрлікке жұмысқа алатыны рас па?

4753
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/60863a46cc83e270220972.jpeg
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты министрлікке қайтадан жұмысқа ала ма? Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.  Сот шешімі бойынша, негізі экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілген. Тікелей эфир кезінде, Алексей Цойға Біртановты жұмысқа алу туралы сұрақ қойылған болатын.
"Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?" - деп сұрады министрден журналистер. "Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Алексей Цой.
Комментарии