Сағадиев: Мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі енгізіледі

2743
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап облыстардағы 100-150 мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақтөбеде педагогтармен кездесуінде айтты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сағадиевтің сөзіне қарағанда, қазір Қазақстанда орыс мектептерінде оқитын 500 мыңнан астам бала қазақ тілін білмейді және бұл мәселені шешуде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі дайындалған.

- Баланы сөйлеуге "мәжбүрлейтін" бұл коммуникативті әдістемені қолдануда сөздік қор шектеулі болады. Сол арқылы оқушыларды мейлінше жылдам қазақша сөйлетеміз. Министрлік сонымен қатар жиі қолданылатын сөздердің сөздігін де әзірлеп қойды, - деді Сағадиев.

Министрдің мәліметінше, мектеп жасындағы қазақ балаларының 90 пайызы ана тілін біледі.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, министр мен педагогтердің кездесуі жабық түрде өткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер