Арыстанбек Мұхамедиұлы: Кенесарының басы келсе, бүкіл Қазақстан гүлдейді деген ертегі

4407
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Кенесарының басы табылды деген ақпаратқа қатысты ойын айтты.  

«Негізі тарихи деректерге өте мұқият болу керек. Қателесу түк те емес. Бірақ оны іздеу керек. Кенесарының басын іздеуге егемендік алғаннан кейін көптеген азаматтарымыз атсалысты. Кенесары атамыздың басын қайтару әр қазақтың арманы. Мысалы оны іздеушілердің ішінде мен де болдым. Табылу керек. Бірақ асығыстықтың қажеті жоқ. Бізде тарихта ондай жиі кездеседі. Өздеріңіз білесіздер, Әмір Темірдің қабірін ашқан кезде соғыс басталып, қабірін қалай жапты соғыс аяқталды. Негізі әрине халыққа үміт керек. Бірақ менің көзқарасым бойынша, халық өзі ұмтылуы керек. Бәріміз ешқандай жұмыс істемей, Кенесарының басы келсе, бүкіл Қазақстан гүлдейді деген әрине ертегі», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер