Егемендік тартуы: "Жетісу" клубының ардагерлері марапатталды

3437
Adyrna.kz Telegram

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жерұйық мекен Алматы облысында "Жетісу" футбол клубының құрылғанына 40 жыл толуына орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері клуб ардагерлері мен үздіктерін марапаттады.

Салтанатты шара барысында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Нұрбақыт Теңізбаев "Жетісу" футбол клубының өңір спортын алға сүйреуде, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа деген ықыласын оятуда өзіндік маңызды рөл ойнағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ел егемендігімен тұспа-тұс келген айтулы "датаның да" тегін емесін, "Жетісу" командасы тәуелсіздікпен бір жасасып, әлі де биік белестерді бағындыратынына сенімді екенін жеткізді.

Мерейлі мереке кезінде басқарма басшысы футбол клубының ардагер-ақсақалы, "Жетісудың" әр ойынын көрерменге тәмпіштеп жеткізген диктор, сатидонның экс-директоры Геннадий Мишенконы "Алматы облысы спорт саласының үздігі" төсбелгісімен, өзге футбол клубы ардагерлерін құрмет грамотасымен марапаттады.

Мұндай құрметте сала ардагерлері басқарма басшылығына алғаусыз алғысын білдіріп, өңір спортын алға ілгерілетуде әлі де елеулі еңбек етіп, жас спортшыларды биік белестерге шығаруда аянып қалмайтынын жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер