«Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым» - Балғынбек Имашев

4004
Adyrna.kz Telegram

Халықты вакцина алмауға шақырып жүрген айтыскер Балғынбек Имашев коронавирусқа қарсы екпе мәселесіне қатысты тағы да жазба жариялады. Бұл жазбасында ақын вакцинацияның мәжбүрлі түрде салынып жатқанын айтты.

«Вакцина салдыру ерікті түрде деген бос сөз болғаны ма? Біздің биліктің сөзіне сенуге болмайтын сияқты. «Мектеп директорларын «қамшылау» керек» деген не масқара? Қайдасыңдар, батыр қазақтың ерлері мен қыздары? Елдің көз-жасына қалудан қорқатын басшы қалмаған ба? Мекеме басшылары! Әр түрлі деңгейдегі әкім-қара, шенеунік, директор, ректор, т.б қызметтегі азаматтар! Алланың алдында қол астыларыңдағы әр адамның хақынан сұраласыңдар!

Вакцина алдым деп жаһанға жар салған желідегі жарнамашылар! Не үшін? Ешкім қыстамаса, өтінбесе, сұрамаса, талап етпесе, белгісіз екпені не үшін, кім үшін насихаттап жатырсыңдар? Рамазан айы ғой. Өтірік ақталмаңдар! Алла жүректеріңдегі сырды біледі. Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар! Денсаулық үшін емес! Бәріңнің жүректеріңде күмән бар! Көбің тәуекелге бардыңдар. Өзіңнің артың шыдамады, мақұл. Енді басқаларды зорламасаңдаршы! Маған дайректке жазып жатқандар жетеді. «Амал жоқ, жоғарының бұйрығымен, қоқан-лоққысымен салдыруға мәжбүрміз» дейді. Өз еркімен салдырғандарға қарсы айтарым жоқ. Бірақ олардың саны аз ғой. Көбі амалсыз салдыруда. Мен екпеге қарсымын! Бүгін «халық жауы» қылсаңдар да осы пікірде қаламын. Қайда менің Ата Заңыммен кепілдік берілген құқығым?», - деп жазды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер