Диас ТІЛЕУБАЙ: Елімізде жастардың білім алуына жағдай жасалып жатыр

2777
Adyrna.kz Telegram

Әр адамның алға қойған мақсаты бар, ол мақсатқа жету жолында көптеген амалдар қолданып, жоспар құрамыз. Мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студентімін. Аталған колледжді таңдаған себебім — техникалық және кәсіптік білім беретін үздік оқу орындарның бірі. Мұнда қабілетімізді шыңдап, бағыт-бағдар беріп отыратын ұстаздардың еңбегі зор.

2020 жылы Талдықорған жоғары политехникалық колледжі мерейлі 85 жылдығын атап өтті. Оқу ордамыз жылдан-жылға дамып, өркендеу үстінде. Колледжде Республика деңгейіндегі «Жас маман» жобасы іске асырылуда. Жоба барысында колледж базасы жаңа жабдықтармен толығып, заманға сай білікті маман дайындау мақсатын қолға алды.

2020 жылы WorldSkills аймақтық чемпионатына қатысып, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орынға ие болдым. Бұл жеңіске жету жолында «Жас маман» жобасы аясында құрылған WorldSkills жаттығу орталығы өз үлесін қосты. Ендігі алдыма қойған мақсатым - мамандығым бойынша Республика деңгейінде жүлделі орынға ие болу және болашақта өзімнің мамандығым бойынша еліміздің IT саласынының дамуына үлесімді қосу.

Колледждің 85 жылдығымен тұспа-тұс келген тағы бір жаңалығымыз – студенттерге арналған жана заманауи жатақхана қолданысқа берілді. Жатақхана соңғы жаңа тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Оқу орнына жақын жерде орналасқан. Жаңа студенттер үйінің ашылуы, облысымызда жастарға жайлы жағдайлар жасалып, кәсіптік білімді игеруде, білімді де білікті жас ұрпаққа үлкен қолдаудың белгісі.

Елімізде жастарға көптеген жағдай жасалуда. Бұл біз үшін, мақсатқа жету жолында, білікті маман болып қалыптасуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Диас ТІЛЕУБАЙ,

Талдықорған жоғары политехникалық

колледжі «ақпараттық жүйелер»

мамандығының 4-ші курс студенті

Пікірлер