Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады

2997
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысында құлады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Балқаш қаласындағы авиациялық оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде СУ-30СМ көпфункционалды истребителі қону алаңына жақындап қалған сәтте апатқа ұшырады. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз", – деп түсіндірді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда, Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі 02 санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады.

Пікірлер