Қостанайда 13 мың автокөлік құрастырылды

1988
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2021 жылдың үш айында Қазақстан аумағында жалпы құны 140,4 миллиард теңгеден асатын 19848 техника шығарылған. Мұның 66%-ы Қостанай облысындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытына тиесілі. Қазір өңірде Chevrolet автомобильдеріне деген сұраныс артқан. Қостанайлықтар бірінші тоқсанда осы көліктің 10 мыңнан астам бірлігін нарыққа шығарған.

«Үш айдың қорытындысы бойынша Қостанай автомобиль зауыты 13063 техника шығарды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7% -ға артық. Біз үнемі автомобиль өндірісінің деңгейін көтеруге ғана емес, сонымен бірге заман талаптарына сай көліктерді шығаруға да ұмтыламыз. Қазір тек Қазақстан нарығы ғана емес, экспорт туралы да сөз қозғай аламыз. Жыл басынан бері 2000-ға жуық көлік шетелге жіберілді. Бұл біздің өңір үшін, елдің автоөндірісі үшін айтарлықтай жетістік», - дейді «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев.

2020 жылы да қостанайлық зауыт өнімді жұмыс істеді. Былтыр 40 мыңнан астам көлік құрастырылып, рекордтық деңгейге шықты. Осы жылы кәсіпорын Jac, Chevrolet, UAZ және MAN брендтерімен келісім-шартты ұзартпақ. Бұл тізімге наурыз айында KIA автомобиль шығаратын компаниясы қосылды. Жоба шеңберінде жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығару жоспарланған. Өнімді оқшаулау деңгейі шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, ұсақ торапты өндіріс технологияларын қолдану арқылы 50% дейін арттырылатын болады.
Сонымен қатар жақында «СарыарқаАвтоПром» мен «АвтоВАЗ» зауыты арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Сырым Семейбаевтың айтуынша, Қазақстанның ірі автомобиль зауыты биыл 100 мың техниканы құрастыруға ниетті. Себебі мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорын кадр сапасын төмендеткен жоқ. Керісінше мамандарын шетелдерге білімін жетілдіруге жіберіп, ірі зауыттармен тығыз байланыс орнатты.

Пікірлер