Көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті

2735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/d800b3b1-8ad4-4ea2-95f7-c8f4eba5de00.jpeg
Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйдің балконы құлап, үш көлікке зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға сейсенбі, 13 сәуірде болған.
"Сағат 14:42-де Кенесары көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде төтенше жағдай қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Олар тозығы жеткен балкон шатыры үшін қолданылған бетон плита құлаған соң қабырға жақтауындағы кірпіштерді бұзды", – делінген хабарламада.
Оқиға орнындағы жұмысқа 14 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Куәгерлердің айтуынша, құлаған балкон қирандылары үш көлікке зақым келтірген.
Комментарии