Елеулі

Жириновский: "Қазақстан 300 жыл бұрын қайда болдың? Орыс әлемінің шекарасы қалпына келеді" (ВИДЕО)

10.04.2021
14404

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Қазақстанға сес көрсете сөйледі. 

"Қазақстандағы Павлодар қаласында 30 көшенің атын ауыстырмақ. Орысша атауларды қазақшаға өзгертпек екен. Сендер өздеріңнің қазақ қалаларын салып алыңдар да, сонда қазақша көшелерді атай беріңдер, өзгенікіне тимеңдер. Петр тұсында ол жерде Коряков форпосты болған, тұз шығарушыларды қорғайтын. Ол жерде ешқандай мемлекет болған жоқ, қу дала, кей жерде көшпенділер жүрді. 300 жыл бұрын қайда болдыңдар Қазақстан? Сендер болған жоқсыңдар. Жоңғар тайпалары болды, бірақ Жоңғар мемлекеті болған жоқ. Қазір барлығының атауын өзгертіп жатыр, ауыстырып жатыр.  Барлығы ұмытылып, қазақтарға қалады деп ойлайды. Ешкім ештеңені ұмытпайды. Орыс әлемі мен кеңістігі шекарасын қалпына келтіреді. Тәртіп орнатады", - деді ол.

Бұған дейін ресейлік депутаттар Никонов пен Федеров Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты даулы сөздер айтқан болатын. Қазақстандық тарап нота жолдап та үлгерген еді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер