Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бүгін туған күні. Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 39 жасқа толып жатыр. Туған күніне орай желіде жазба жариялаған спортшы жұрт көзінен таса ұстайтын балаларын алғаш көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Боксшы өзінің Twitter-де балаларымен бірге түскен суретін жариялады. Жазбада:"Мен өзімді бақытты сезінемін. Ең асылдарым осы жерде және қазір менімен бірге. Туған күніммен", - деп жазды Головкин.

"Адырна" ұлттық порталы