Елбасы кімге маңызды тапсырма берді?

2636
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тұңғыш президенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық әл-ауқат қорының былтырғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңестің отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

"Самұрық-Қазына" қоры 2020 жылды табысты аяқтады. Былтыр Қор компанияларында қызметкерлердің саны айтарлықтай қысқартылған жоқ, үздіксіз өндірістік процесс сақталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қор активтерінің құны 13,9 триллион теңгеге жетті", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сәтқалиев Елбасыға қорды инвестициялық холдинг ретінде қайта құру шаралары және алдағы негізгі басымдықтар туралы баяндады.

Қазақстанның тұңғыш президенті қор еліміздің ұлттық байлығы екеніне тоқталып, оның активтерін барша халықтың игілігі үшін еселеу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Аз уақыт ішінде қор жұмысын жандандырып, шұғыл шаралар қабылданды. Стратегиялық маңызы бар салалар қалыпты жұмыс істеп тұр. 2020 жылы қор мемлекеттік бюджетке 870 миллиард теңге аударды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы қор компанияларының тиімділігін одан әрі арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке бірқатар нақты тапсырма беріп, жемісті әрі табысты жұмыс істеуіне тілектестігін білдірді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер