Қазақстандықтарға карантинге байланысты 42 500 теңге беріле ме?

1454

Елдегі эпид-ахуалдың күрт нашарлауының кесірінен енгізілген карантинге байланысты  мемлекет, қазақстандықтарға 42 500 теңге төленетіні не төленбейтіні туралы ақпарат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мәлімдеген еді.

Ресми сауалға жауап ретінде Еңбек министрлігі, қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта беру жоспарланбағанын айтты.

«Қысқа мерзімді шектеу шаралары белгілі бір қызмет түрлеріне, негізінен демалыс күндеріне ғана Қазақстанның кей аймақтарында енгізілген. Кәсіпкерлікті қолдау бүгінде түрлі салық жеңілдіктерімен және жеңілдетілген шаралармен (салық және басқа есеп беру, тексеру қызметіне мораторий) ұсынылған. Осыған байланысты, бүгінгі күнге дейін 42 500 төлеуді қалпына келтіру туралы мәселе қарастырылмаған », деп жауап берді департамент.

Министрлік былтыр төтенше жағдай мен карантинге, қызметке қойылған шектеулерге байланысты кірістерін жоғалтқан жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жасалғанын еске түсірді.

«Бұл бұрын-соңды болмаған жұмыс істейтін азаматтарды қолдау шарасы болды. Жалпы алғанда, 4,6 миллионнан астам адам, бұл төлемді жалпылай 476,3 миллиард теңгеге алды», деп толықтырды министрлік. Бұл туралы 2020 жылдың қараша айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

"Адырна" ұлттық  порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар