Шымкентте 7351 адамға короновирусқа қарсы екпе салынды

1997
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді.

– Шымкент қаласына осы жылдың 31 қаңтарынан бастап «Спутник-V» вакцинасының I компонентіне 7400 доза, II компонентіне 5800 доза жеткізілді. Яғни коронавирусқа қарсы ресейлік екпенің бірінші компоненті 7351, екінші компоненті 1876 адамға салынды. Ал екпе қабылдағандарда кері әсер байқалмаған, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.

Спикердің сөзінше, қалада 11 ПТР зертханасы жұмыс істейді. Аталған зертханалар тәулігіне 6 270 тест жасауға қауқарлы. Тарқатып айтсақ, шетелге шығатын жолаушылар мен өздігінен тексерілуге ниетті тұрғындар ақылы тестілеуден өтеді. Ал жоспарлы түрде ПТР тестін тапсыратын барлық санаттағы адамдарға сынама тегін жүргізіледі.

Брифинг барысында басқарма басшысы коронавирус инфекциясын ауыздықтаудың жалғыз жолы вакцинациялау екенін алға тартты. Осы орайда ол қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырды.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте вакцинациялауға арналған 38 егу пункті, 320 термоконтейнер дайындалған. Бұл ретте 1-2 сәуір күні қалаға ресейлік «Спутник V» вакцинасының 7300 және отандық «QazCOVID» вакцинасының 2400 дозасын әкелу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

Пікірлер