Ауыл шаруашылық жерлерін сатамыз ба, сатпаймыз ба?

1203

Кешегі өткен "Жер.Ком 2" отырысындағы көтерілген негізгі мәселелерге тоқталғым келіп отыр.

Бұл жиынға қатысты ең басты сұрақтың басы ашылмай тұр.

1-ші сұрақ: Президент тапсырмасымен құрылған Жер.Ком-ның құзіреті қандай?

2-ші сұрақ: Осы комиссияның соңғы ұсыныстары қалай қабылданбақ?
Жалпы дауысқа салу арқылы ма? Әлде, әр сұрақты жеке-жеке талқылап дауысқа салып келесі сұрақтарға көшіп отырмақ па?

Осы жиынның өзінде осындай мәселе көтерген азаматтар болғанымен, әлі күнге тұшымды жауап ести алған жоқпыз. Демек, Жер.Ком-ның құзіреті мен көтерілген мәселелерді қандай тәртіппен реттелетіндігі айқындалмаған күйі жұмысын жалғастыратын болып тұр.
Бұл сұрақтарға қатысты келесі отырыстарында шешімін қабылдар деп үміттенемін.

Ал, енді осы Жер.Ком-ның құрылуына да негізгі себеп болған ең басты мәселе
"АШ жерлерін қазақстан азаматтарына жекеге сатамыз ба, әлде, тек жалға береміз бе?" деген сұраққа келсек. Осы сұрақ бойынша пікірлер екіге бөлінді.

АШ жерлерін жекеге сатылуын Алмасбек Садырбаев(Шаруалар қауымдастығының төрағасы) пен Расул Жұмалы(саясаттанушы) деген комисся мүшелері қолдап пікірлерін білдірсе, Мұхтар Тайжан (Экономист), Жигули Молдақанұлы (Фермерлер одағының төрағасы) бастап барлық мүшелері мен сөз алғандар АШ жерлерінің жекенің қолына сатылуына қарсылықтарын білдірді(Кейбірі АШ жерлеріне тікелей қатысы жоқ мәселелерді көтерді).

Өз басым АШ жерлерін жекеге сатылуына қарсымын. Сондықтан, АШ жерлерін сатуды қолдап сөйлеген Алмасбек Садырбаевтың өздерінің бұл ұстанымдарын төмендегідей тұжырымдарымен қуаттауға тырысқан әр сөздеріне өзімнің ұстанымым бойынша жауап беріп көрмекпін.

Әлқисса!
Асмасбек Садірбаевтың өз ұстанымын қуаттауға келтірген алғашқы қисыны:

1) 2016-шы жылдардағы митингілерде тек "Жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға берілмесін" деген талап қойылған еді. Сол митингілерде "АШ жері қазақстан азаматтарына сатылмасын, тек жалға берілсін" деген талап болған жоқ" деді.

Жауабым: АШ жерлеріне қатысты 2016 жылы жер митингілерінде де, одан кейінгі митингілерде де "АШ жерлері ешкімге сатылмасын. Мемлекет меншігінде болсын!" деген талаптар қатар айтылып келді.
Бірақ, АШ жерлерімізді шетелдіктерге 25 жылға жалға беретін заң қабылданып қойғандықтан халық шұғыл түрде АШ жерлерін шетелдіктердің аранынан алып қалуға көбірек күш салды. Сондықтан, қазақстан азаматтарына жекеге сатпау бойынша көтерілген мәселе бірінші талаптың көлеңкесінде қалып қойды. Бұл - АШ жерлерін жекеге сатылуына қарсы болған жоқ деген сөз емес. Ондай сөзге негіз де бола алмайды.

2) "Субаренда қазақтың болмысында бар. Субаренданы заңдастыру керек" дейді.

Жауап: Субаренда дегеніміз - өзің мемлекеттен АШ жерлерін алып, бірақ өзің пайдаланбай, екінші бір адамға жалға беруің.
Егерде, сен өзің мемлекеттен АШ жерлерін жалған алған болсаң, бірақ түрлі себептермен пайдалана алмасаң, неліктен сен ол жерлерді келесі бір азаматқа беруің керек?
Егерде, пайдалана алмасаң, онда мемлекетке қайтаруың керек. Екінші адам жерді жалға пайдалануы үшін, тек мемлекеттен жалға алуы керек.
Әрі, мемлекеттен бірінші жалға алған шаруа келесі адамға жалға берген отырған сайын, алған жерінің арендасынан артық ақшаға береді. Өйткені, осылай да пайда тапқысы келеді. Бірінші адам үстеме қосып екіншісіне, екіншісі өзінің үстемесін қосып төртіншіге, төртінші бесіншісіне т.т.
Ал, ең соңғы жермен нағыз айналысқысы келген азаматқа, жер мемлекет бекіткен жалға алу құнынан он есе, жирма есе қымбатпен тиуі мүмкін. Сонда, одан шаруаға не пайда?

Ал, субаренданы заңдастыруды қолдап отырғандардың негізгі мақсаты, АШ жерлерін жекеге алуды заңдастыра қалған жағдайда, милиондаған гектар жерлерді ақшалы олигарх мәңгілікке сатып алып, одан кейін бөлшектеп арендаға беріп отыру. Яғни, өзі тікелей айналыспай-ақ арендаға беріп пайдаға батып отыру.

Мұндай жағдайда мемлекет жекеменшікке алынған жердің егесіне ешқашан "Арендаңды азайт. Мынау адам жерді тоздырып жатыр. Одан алып басқаға бер" деп айта алмайды.

Сосын, 500 гектардан артық бермейік т.т деген сөздің барлығы бос сөздер. Өйткені, жүз адамның, жүз шаруа қожалықтарының атына жаздырып қойып, бір қалталы азамат өз уысында ұстап отыра береді.
Суб аренданың қауіпі осыда!

3) Нағыз профессионалдар сөйлесін. Соларды тыңдау керек(шопан, шаруаларды меңзеп тұр).

Жауап: Бұл сөздерімен шаруалардың сөздеріне басымдық берейік, басқалар жерді пайдаланып жүрген жоқ дегісі келіп отыр.
Қашаннан бері қазақтың жері тек қана шаруаларға ғана тиесілі жер еді?
Қазақстанның әр метір жеріне байланысты, әр қазақтың өз ойын айтуына, әрі, бәрінің сөзі тең дәрежеде қабылдануы керек.

Бұл сөздерін де "Мектепке байланысты мұғалімдер, медицинаға қатысты дәрігерлер сөйлесін" деген қисынсыз логикаға ұқсаттым.
Жердің тағдырын 5000 шопан да, бизгесмендер де емес, тұтас халық шешеді.
Сондықтан, тек шопандарды ғана емес, тұтас халықтың әрбір өкілінің сөзі тең дәрежеде болуы керек. Басымдық ешкімге де берілмеуі керек!

4) "Бос жер жау шақырады"

Жауап: Жекеге сатылу арқылы жерге ешкімнің көз салмауын қамтамасыз етеміз дегісі келсе керек.
Ал, АШ жерін қазақстан азаматтарына жалға берсек ше? Өз азаматтарымызға жалға берсек, "бос жер" деген статустан шығады ма?
Әлде, міндетті түрде жекеге сатылған жағдайда ғана "бос жер" деген статусы болмайды ма?(Жау шақырмас үшін)
Қисынсыз логика деп қабылдадым.

5) "Әр қазақ бай болсын!"

Жауап: Әр қазақстан азаматы бай болсын!
Жер Алмасбек айтқандай жекеге сатылатын болса, қазіргі ең ірі жер иеленушілердің кімдер екенін білеміз. Олардың көптігін де білеміз. Олардың қай қазақтан мың есе артық жерді алатынына дейін білеміз. Жер солардың қолына өтсе, байыған үстіне солар байымайды ма?

Сонда, сенің айтқан "Әр қазақ бай болсын"-ың қайда қалмақ?
Сондықтан, бұл сөздің осы жерде ешқандай мәні де, құны да жоқ бос ұран деп ойлаймын.

6) "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына шаруаларға сиымыз болсын"(Жекеге силайық дегені болса керек)

Жауап: Олай болса, дәл осылай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына әскенилерге бір бір танкі силай салайық. Балықшыларға Шардара, Каспи, Балқаш т.б өзен көлдерімізді силай салайық.

7) "Қазақ ауылдан жерді алалмағансоң кетті"

Жауап: Қазақ ауылдан жағдайы болмағансоң кетті. Ауылға көмек берілмегенсоң кетті. Мектептер жабылып, интернет пен комуникация жоқ бллғансоң кетті.
Жері жекеге берілмегенсоң кеткен жоқ. Жеке жері болса да кетер еді. Өйткені, оны игеретін қаржысы да, техникасы да, мүмкіндігі де болмағансоң ол жерлерді бәрі бір пайдалана алмас еді.

Мысалы: 90-шы жылдары қаладағы туысқандарымыздың барлығы қаңғып, ауыл жағалап кетті. Өйткені, қалада жарық жоқ, жылу жоқ, су жоқ, жұмыс жоқ.
Олар қалада пәтері болмаған соң кеткен жоқ. Бәрінің қалада пәтері болған. Сондықтан, бұл сөзді де қисынсыз сөз деп ойлаймын.

8) "Жердің нарқы болмай, ештеңе болмайды."(Жердің бағасы болмай, бағасына қарай жерді сатып алушы болмай ештеңе болмайды дегісі келсе керек)

Жауап: Жердің нарқы болмай дегеніміз - жер сатылмай деген сөз.
Жерді алу, бір-біріне сату, банкке кепілге қойып қаржы алу т.т. процесін меңзеп отыр. Жердің нарқы, яғни бағасы - осы процестерді атқару мүмкін емес. Сондықтан жердің сатылу бағасын белгілеуді ұсынып отыр.

9) "Қандастарға жерді қалай бермейміз? Қытайдан қашып келгенде кеудеден тепкеніміз бе?"(Яғни, қандастарға да сатуды меңзеп тұр).

Жауап: Қандас ұғымы ол тек уақытша ұғым. Қазақстанға көшіп келгенімен, әлі қазақстан азаматтығын алып үлгермеген, азаматтық алу процесіндегі азаматтар. Бұл азаматтар ҚР-ның азаматтығын алып үлгермей, тек "Қандас" статусымен жүрсе, оған қалай жер бермекпіз?

Сондықтан, бұл сөзді де қытайдағы қазақ мәселесін араластыра отырып, жер сатылуына қарсыларды "қандас оралмандарға қарсы адамдар" етіп көрсеткісі келген арзан пиғыл деп қабылдадым.

10) "Жер 17% тозған. Жерді жекеге берсек күтіп қарайды"

Жауап: Жерді жекеге берсең бұдан әрмен тоздырмасына кім кепіл? Ешкім кепіл бола алмайды. Өйткені, жер мемлекеттің құзырынан шығып, жекенің құзіретіне өтеді. Жекедегі жерді егесі өзі біледі. Не себеді, не қоятынын.

Арендада болса, мемлекет міндеттей алады. Дұрыс қарай алмаса, қайтарып алуға мүмкіндігі болады.

Рүстем АШЕТАЕВ

Пікірлер
Редакция таңдауы