Үшінші толқын болып жатыр: Сағынтаев маңызды сұрақтарға жауап берді

2016
Adyrna.kz Telegram

Ірі қалаларда коронавирустың үшінші толқыны басталып жатыр. Бұл туралы тікелей эфир барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

"Жазбен салыстырар болсақ, тәулігіне екі есе көп жағдай тіркелуде. Бұл коронавирустың жаңа штаммдарымен байланысты. Алматы қазір қиын жағдайды өткеріп жатыр", - деді Сағынтаев.

Зерттеу барысында британдық және оңтүстікафрикалық штаммдарға ұқсас мутациялар анықталды.

Қалада барлығы 7 011 орын бар. Олар науқастардың жағдайына байланысты үшке бөлінген: ауыр, орташа және жеңіл түрі. Қазіргі уақытта бес мың төсек-орынның 48 проценті бос тұр. Инфекциялық ауруханаларда 1080 орын бар, оның 75 проценті бос емес.

Қала басшының сөзінше, қаланы түгелдей жабу туралы мәселе қарастырылмаған.

"Қаланы жаппаймыз. Мұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Қабылданған шаралар жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді қала басшысы тікелей эфирде.

Алда болатын барлық өзгерістер, шектеулер вирус қарқынына байланысты болатынын да атап өтті.

"20 наурыздан бастап шектеу енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тағы екі аптаға созу туралы шешім қабылдадық. Бүгін кәсіпкерлермен кездестік, 1,5 сағат бойы шараларды талқыладық. Бизнес тарапынан түсіністік бар. Енді қалалық бюджетті ескере отыра, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын ойластыратын боламыз. Алдағы аптаның соңында бас қосамыз. Егер жағдай тұрақталса, шектеу шараларын қайта қарастыратын боламыз", - деді Сағынтаев.

Пікірлер