Бір айда бірнеше жүлде

2535
Adyrna.kz Telegram

Естеріңізде болса, 2020 жылы ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары еліміздегі пандемиялық жағдайға қарамастан санитарлық эпидемалогиялық талаптарды сақтай отырып, спорттың әр түрінен жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленген болатын. Бұл туралы талай мәрте баспасөз беттерінде жазылды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап салауатты өмір салтын ұстанатын оқу орнының құрама командасы волейболдан қалалық «Қыс-2020» жарысына қатысып, жалпы командалық есеп бойынша Шекара академиясының құрама командасы 1 орынды иеленді. Айта кету керек, Алматы қаласының спорт сүйер қауымы ұйымдастырған жарысқа 25 командадан көп спортшы қатысып, мақтау қағаздары мен «Кубокты» және әр бір спортшы спорттық медаль алды.

Жарыс барысында волейболдан өрнекті ойын көрсеткен құрама команданың тізімі:

  1. подполковник М.Рамазанов

  2. майор М.Каирбеков 2 оқу дивизионы

  3. капитана А.Асхатов дене шынықтыу кафедрасы

  4. капитана Д.Асхатов дене шынықтыру кафедрасы

  5. аға лейтенант Н.Русин

  6. сержант А.Акимбеков дене шынықтыру

  7. кіші сержант Б.Малкайдаров

  8. ефрейтор Д.Бекпаев

  9. Қатардағы жауынгер А. Прищепа

Ал, осы жылдың 26 - 28 ақпан аралығында Петропавл қаласында «Кик-боксингтен» жарыс болып өтті. Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан дене шынықтыру кафедрасының спортшы-нұсқаушысы қатардағы жауынгер К.Нұрғалиев өз кезегінде қарсылас шақ келтірмей 1 орын алды. Әріптесіміздің мықтылығын ескерген төрешілер «Солтүстік-Кубогы» мен мақтау қағазын және алтын медальді салтанатты түрде табыстады.

27 ақпанда академияның әскери қызметшілері экстремальді жүгіруден «Шымбұлақ» шыңына шықты. Скайранинг тәртібі бойынша 4 шақырымды бөліп жүгірген желаяқтар, «Шымбұлақ» шыңынан бастап 2200 метр биіктікке жүгіруді жөн көрді. «Талғар асуына» тоқтаған спортшылар мәре сызығына бірінші болып келуге тырысты. Жарысты ұйымдастырған «Экстермальді Атлетика» ұжымындағы мамандардың айтуынша, шекарашылар мұндай жарыстарға жиі қатысып тұрады екен. Бұл жолы жоғарыға жүгіріп бағын сынағандар майорлар Д.Кенжетаев, Н.Дөненбаев, А.Тютявин және келісімшарт қызметінің сержанты Е.Насыровтар болды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының «Алматы арена» спорт кешенінде  ұйымдастырылған «КЕКУ-ШИНКАЙ КАРАТЕ» ашық чемпионатына жас ерекшелігіне қарай 30 жастан жоғары абсалютты салмақ дәржесі бойынша майор А.Тютявин 1 орынды жеңіп алды. Ол да 1 дәрежелі диплом және  «Кубокпен» марапатталды.

Дәл осы күні «Алматы марафонына» қатысқан дене шынықтыру кафедрасының бастығы полковник Б.Жакашев пен подполковник Е.Суюнов және келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Р.Қадырбек 11 шақырымға жүгірді.

Өз кезегінде Шымкент қаласында оқ атудан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына денешынықтыру кафедрасының аға оқытушысы подполковник Д.Кандауров Алматыдан барған құрама команданың құрамында болып командалық есеп бойынша 4 орынды місе тұтты.

Өздеріңіз байқап отырғандай, бір айдың ішінде өткен жарыс кезінде академияның жарысқа қатысқан әскери қызметшілері жоғары нәтиже көрсеткен екен. Бір сөзбен айтқанда шекарашы спортшылар намысты қолдан бермеді. Өздеріне жүктелген тапсырманың үдесінен шығып, ҰҚК органдарының оң имиджін қалыптастыруға бір кісідей ат салысып биік тұғырдан көрінді.

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы

 

Пікірлер