Ақылбек Күрішбаев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек мемлекеттің құзырында болуы керек

2856
Adyrna.kz Telegram

Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікте емес, тек мемлекеттің құзырында болуы керек. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның 1-отырысында Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер жай ғана өніріс құралы емес, ең алдымен бұл - біздің ұлттық игілігіміз, ата-бабамыздан қалған тарихи мұрамыз, бүкіл халқымыздың байлығы және оның басты құндылығы. Менің жеке пікірім, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жекеменшікте емес, тек мемлекеттің құзырында болуы керек. Ең алдымен бұл біздің геосаяси жағдаймызға байланысты. Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша біз әлемде 6-орында тұрмыз. Ал егістік алқаптары бойынша жан басына шаққанда Австралиядан кейін екінші орындамыз. Яғни, бір адамға шамамен 1,3 гектар егістік жер келеді. Басқаша айтқанда, бізде халық тығыздығы өте төмен. Сондықтан мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жер ресурстарымыздың жекеменшікте емес тек қана мемлекеттік меншікте болғаны маңызды. Жер тек жалға берілуі тиіс», - деді комиссияның бірінші отырысында сенатор.

Оның атап өтуінше, әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар бар. Мәселен, нарықтық экономикасы дамыған Израильде барлық ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттің құзырында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер