9 миллионға Лениннің мүсіні сатылмақ

3603
Adyrna.kz Telegram

3,5 метр биіктіктегі қола мүсінді Лениннің сатылатындығы туралы хабарлама OLX сайтында пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласында сатылымға шыққан қола мүсіннің иесі, ескерткіштің салмағы 1400 келі екенін хабарлайды. Газет атап өткендей, иесі мұндай құнды экспонатты қайдан алғанын айтудан бас тартты. Тек ескерткішті қола металдың сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын айтты. Лениннің бағасы 1 600 000 теңге көлемінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде сома рубльмен жазылғандықтан ұлттық валютаға аударғанда бұл шамамен 9 миллион теңгені құрайды.

Ескерткішті анықтап қарар болсақ, «КСРО Көркемөнер қоры, Мытищи көркем құю зауыты» деген белгі қойылған.

Басылымда көрсетілгендей, егер ескерткіш таза қоладан жасалған болса, онда оның түсті сынықтар нарығындағы құны, салмағы 1400 килограммға екі миллион теңгені құрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер