Шымкентте агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында 33 жоба жүзеге асырылды

3229
Adyrna.kz Telegram

Елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Шымкент қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында 31 794 млн теңгені құрайтын 33 жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Аталған жобалар ішінде өндірістік жылыжай кешендері - 10 жоба, қарқынды бау - 4 жоба, қайта өңдеу саласы - 4 жоба, мал бордақылау алаңдарын құру - 3 жоба, тауарлы сүт фермаларының өнімін арттыру мақсатында 4 жоба, жұмыртқа өндірісі және балық шаруашылығында 8 жоба жоспарланып отыр.

Бұл жобалар іске асқан жағдайда жаңадан 830 жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен бірге қаладағы көкөніс өндіру көлемі - 35 мың тоннаға, қарқынды бау алаңы - 441 гектарға, қайта өңдеу саласы-27,4 мың тоннаға ұлғаяды.

Бұдан бөлек өндірілетін еттің көлемі - 5,4 мың тоннаға, сүттің көлемі – 8 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі - 15 млн данаға және бройлер құс еті - 500 тоннаға дейін ұлғайып, қалада өндірілетін балық өнімі - 100 тоннаны құрайтын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер