Нұр-Сұлтанда қала маңы бағыттары тоқтатылды

4224
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында көктайғаққа байланысты барлық қала маңы бағыттары тоқтатылды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы CTS, Instagram желісінде мәлім етті.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген көлік компаниясының хабарламасында.

Сонымен қатар, ауа-райына байланысты автобустар баяу қатынауда. Сондықтан қалалық автобустар кесте бойынша жүрістен кеш қатынауы мүмкін деп хабарланған.

Тұрғындардан түсіністікпен қарауын өтінген компания, бұған дейін таңертең маршруттық автобустардың қатысуымен екі апат орын алғанын хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан әуежайындағы 16 рейс уақытынан кешіктіріліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер