WhatsАрp және Instagram желілері істен шықты

2201
Adyrna.kz Telegram

19-наурыз, сағат түнгі (Нұр-сұлтан уақытымен) 23:00 шамасында, елімізде WhatsАрp және Instagram желілері істен шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Белгілі болғандай екі өнімге де иелік ететін Facebook-та ғаламдық ақау орын алған. Дәл осындай мәселе басқа елдерде де байқалды.

Қызметтердің барлық түрлері үшін ақаулар мен істен шығуы жайлы ақпарат беретін Downdetector мәліметінше, желілердің қол жетімсіздігі туралы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 23.00-де пайда болған.

Ақаулар бірқатар елдерде, соның ішінде Ресейде де байқалады. Instagram-ның істен шығуына байланысты ең көп шағым АҚШ, Ұлыбритания, Германия және басқа да Еуропа елдерінен түскен.

Instagram-ның бұзылғанына шағымданған қолданушылардың көпшілігі (76%) жаңалықтар лентасының дұрыс жұмыс істемеуін алға тартты, 15% әлеуметтік желіге кіре алмай, 7%-ында Instagram-ға кіруде қиындықтар туған. 23 000-нан астам адам Instagram желісінде қателіктер орын алғанын айтқан. 

WhatsApp-та мәселелерге душар болған пайдаланушылардың ең көп бөлігі (71%) желіге байланысты қиындықтарға тап болды. 26%-ы хабарлама жіберуге байланысты мәселелерге шағымданды, тек 1% -ы өз аккаунттарына кіре алмады. 10 000-ға жуық адам WhatsApp желісінің істен шыққанын растаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер