«Бұл - ұлтымызды жоятын заң» - дейді жұртшылық

3851
Adyrna.kz Telegram

«Денсаулық министрі Алексей Цой «жыныс ауыстыру отасына рұқсат» деген қаулы шығарды.
“ТЕГІН” - деді әуелде оны» деп жазады әнші Қарақат Әбілдина өзінің Инстаграм парақшасында. Әнші министрдің бұл заңы ұрпақ тазалығын бұзуы мүмкін деген қаупін жасырмайды.

"Ел болып қарсы шығып еді, енді тегін емес, “жыныс ауыстыру отасы ақылы түрде жасалады” деп мәлімдеді. Бір қызығы бұл заң бізге 2020 жылдың 25-қарашасында енгізіліп қойған екен.
Айналып келгендегі: жеке адамның құқығы...  Ал ұлттық сана? Ұлттық тәрбие?
“Жаман үйді қонағы билейді” дегеннің кебін киіп тұрмыз ғой. Сол заң, сол ота керек пе бізге мүлде?!

Біз қазақ жеті атадан аспай қыз алыспаған, қаны өте таза халықпыз.
“Ұлым ұрпағымды жалғастырады, қызым өрісімді кеңейтеді” деп баладан үміт күткен халықпыз.
Ұрпақ тазалығын бұзу, ұлтты құрту ма мақсаты?
Қайда кетіп барамыз?!
Бұл сорақылыққа жол бермеуіміз керек!
Алла сақтасын, қарсымын...
Не де болса әр қазақ өзімізге, өз балаларымыздың негізіне, тәрбиесіне бекем болып, иманын берік, парызын бүтін етіп өсіруге қам жасауымыз керек!" деп жазады әнші Қарақат.

Осы жазбаға қатысты пікір білдірген жұртшылық "министр Цойдың жаңа қаулыға қол қоюы-ұлтымызды жоюға қойылған қолы", "бұл заң қазақты құртады" деген сарында ызаға толы жазбалар қалдыруда.

"Адырна" ұлттық порталы. 

Фото ашық дереккөзден алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер