Науқас әкесін қар үстінде сүйреген баланың суреті желіні шулатты

4504
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде у ішіп қойған әкесін жедел-жәрдем көлігіне қар үстінде сүйреп апара жатқан бал мен фельдшердің суреті тарап кетті. Жол тазаланбағаны анық көрініп тұр. Сол себепті, жедел-жәрдем көлігі науқастың үйіне дейін жете алмай, жолдан күткен. Қостанай облысында орын алған бұл оқиғаның анық мән-жайын өңірдің денсаулық сақтау басқармасы баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.⠀

Науқастың у ішіп қойғандығы кейін анықталды. Фотосуреттегі кішкентай бала жұрттың жүрегін елжіретті.

Ведомстводағылар сурет 11 наурызда түсірілгенін хабарлады.

"Расымен, фото 11 наурызда Арқалық ауданы Родина аулында түсірілген. Жедел жәрдем бригадасы үйге жете алмай, жағдайды бағалап, науқасты үйінен көлікке дейін 200 метр тасымалдаған. Науқас су ішемін деп шатасып, улы зат ішіп қойған. Ол Арқалық ауданына жеткізілді. Ер адам ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы жақсарып, терапия бөліміне ауысты. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Пікірлер