Путин Қырымды неге тартып алғанын айтты: Біз мәжбүр болдық!

5878
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Қырымды неге тартып алғанын ашық айтты. Бұл туралы ол Андрей Кондрашовтың «Крым. Путь на Родину» деректі фильмінде баяндаған. Фильм «Россия 24» арнасынан көрсетілген еді.

Ресей президентінің сөзінше, Қырымды Ресейге қосудағы басты мақсат Украинаның Донбасс аймағындағыдай қантөгістің алдын-алу үшін іске асқан. Референдумның мақсаты азаматтарға өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру екендігін де айта кеткен.

«Қырым мәселесінде біз Донбасстағыдай қайғылы оқиғалар орын алмауы үшін қатаң да жылдам шешім қабылдадық. Дәл Донбасстағыдай қасіретті оқиғалардың қайталануына жол бермеу мақсатында біз Қырым тұрғындарының ойларын еркін білдіруін қамтамасыз ету үшін қажетті әрекеттерді жасауға мәжбүр болдық», — деді ол.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ақпараттық порталы

Пікірлер