Бас-басына 19 млн теңге: ӘМСҚ басшылығының сыйақысы депутаттың ашуын туғызды

4687
Adyrna.kz Telegram

Депутат Аманжан Жамалов Мәжілістің жалпы отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Қазір бюджеттен тыс қорлардың шығындары Парламент пен Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалып отыр. Мәселен, 2019 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары 5,8 млрд теңгеден асқан. Жалақы төлеуге 4,4 млрд теңге жұмсалған. Егер қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрқайсысына айына 434 мың теңгеден келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе жоғары.

Егер ӘМСҚ-ның қолжетімді қаржылық есебін зерттейтін болсақ, қор басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн теңге сомасында, яғни әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленген», - деді депутат.

Жамалов мұндай шектен тыс шығыстарға жол берілмеу керектігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады.

Ол бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпарат барынша ашық болу үшін арнайы стандарттар бекітілу керектігін, онда еңбекақы мен әкімшілік шығыстардың барлық баптары анық көрсетілуі тиіс екенін айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер