Оқушылардың көктемгі демалысы неше күнге созылмақ?

3039
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/eaabfbcb-defa-4a23-8397-3bc1305dabf4.png
Қазақстандық мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күн болады. 4-тоқсанның сабағы 1 сәуірде басталады», – делінген министрлік хабарламасында.
Сонай-ақ ведомство 3-тоқсанда 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болғанын мәлімдеді. Ол 7 күн, яғни 8-14 ақпан аралығында болған. Еске салсақ, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілгендіктен, 1-5 сынып оқушылары мектепте оқи бастады.
Комментарии